+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Ұлы ойшылдар үндестігі»

2020 жылдың 18 ақпан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ойшыл, дана Әл-Фарабидің 1150 жылдығына және ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай «Ұлы ойшылдар үндестігі» атты кітап көрмелерінің тұсаукесері өтті. Қонақтар «Абай ауылындағы» ақынның мерейлі тойына, ойын-сауық, думанға қатысып, «Фараб керуен-сарайында» керуенмен жеткен қисапсыз байлықпен, оның ішінде ең құндысы – көне де жаңа кітаптармен танысты. Кеш барысында көрнекті ғалымдар, қаламгерлер әлемнің «Екінші ұстазы», ғұлама, ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби мен Ахмет Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» деп атаған ұлы Абайдың рухани мұралары туралы кеңінен әңгімеледі. Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының әртісі Сержан Құттыбаев драматург Ш. Құсайыновтың «Әбу Насыр әл-Фараби» пьесасынан үзінді көрсетсе, ұлы Абайдың образын Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының әртісі, ҚР мәдениет қайраткері Еркінбек Шымырқұлов сомдады. Мектеп оқушылары қос ойшылдың шығармаларынан әдеби композиция көрсетті.

Жақында ғана республикалық «Абай оқулары» байқауында ғылыми жұмыстан ІІ орын иегері болған № 1 «Дарын» мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Бабажанова Зейнеп Абай жырын оқыды.

Кешке «Өрлеу» орталығының ұстаздары, № 1 «Дарын» мектеп-интернатының, №47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп-гимназиясының және №101 А.Ақбаев атындағы мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шараны «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, ф.ғ.к., айтыскер ақын Анар Жаппарқұлова жүргізді.

Айта кететіні, бұл кітап көрмесі жыл бойы тұрады. Келіп тамашалауларыңызға болады.