+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Хабарлама

Хабарландыру!

Құрметті оқырман, Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ашылған "Мәртебелі поэзия мінбері" апталық бағдарламасының келесі қонағы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мақтарал, Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы Хамза Көктәнді (Әмзе Халмырзаұлы).
1983 жылы өткен Республикалық шығармашылық жастардың "Жігер" фестивалінің дипломанты, 2002 жылдан Әлемдік Моңғолтанушылар ассоциациясының мүшесі- Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
"Күн саңы", "Арман қуып адассам, кешір мені...", "Адуын ағыстар", "Құбылыс" атты жеке жыр жинақтары, "Мен сені көргелі", "Кереметнама", "Он екі таным", "Туысқан", "Теберік дүние", "Ойдың күші", "Өмірдің он сегіз жылы", "Аспан мен Даланың төрт ұмытылған тарихы" атты кітаптары жарық көрген. "Қуанышым қазынам", "Әттең-ай, әттең жүрегім жалғыз", т.б. халық арасында кеңінен танылған оннан аса әннің мәтінің жазған.
Жыр оқитын, жыр жаттайтын, жыр сүйетін қауымды "Отырар" қалалық ғылыми- әмбебап кітапханасында 2020 жылы 30 қаңтар күні сағат 11.00-де күтеміз!

«Кітап оқып, рухани бай бол!»

Назар аударыңыз, БАЙҚАУ!? «Кітап оқып, рухани бай бол!» Құрметті шымкенттіктер! «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы 15 Қазаннан бастап «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауын жариялайды. Мақсаты: көпшіліктің кітап оқу мәденитін кеңінен дәріптеп, отандық, шетелдік әдеби, көркем шығармаларды кеңінен насихаттау.

БАЙҚАУ!

Шымкент қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі мен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының бірлесіп ұйымдастыруымен
«Кітап оқып, рухани бай бол!» атты байқауының бірінші кезеңі 2019 жылдың 15 қазанынан басталатындығын хабарлаймыз. Байқау тұжырымдамасының талаптары бойынша әрбір қатысушы әлеуметтік желілерде эстафета форматында тұжырымдамада берілген шығармалар

Айдарбекова Күлия Смайылханқызымен "Көшбасшылар трибунасы" атты кітапханалық кездесу өтеді

2019 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 15:00 де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері, мәдениет қайраткері, журналист, жазушы Айдарбекова Күлия Смайылханқызымен "Көшбасшылар трибунасы" атты кітапханалық кездесу өтеді.

"Қазақтың аяулысы перизаты, өшпейді ешқашанда Фариза аты!" тақырыбында поэзия кешіне шақырамыз!

Отырар қалалық ғылыми-әмбебап кітапханысында 2019 жылғы 24 қыркүйек күні сағат 11:00 де ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халық жазушысы, журналист, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, қазақ ақыны Фариза Оңғарсынованың "Қазақтың аяулысы перизаты, өшпейді ешқашанда Фариза аты!" тақырыбында поэзия кешіне шақырамыз!

"Отырар кітапханасы - цифрлық ортада" атты ақпараттық сағат өтеді

2019 жылғы 19 қыркүйекте сағат 11:00 де "Халықаралық электронды кітап күні" осыған орай "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының "Кітапхана процесстерін автоматтандыру" бөлімінің ұйымдастыруымен "Отырар кітапханасы - цифрлық ортада" атты ақпараттық сағат өтеді.

«Төрекелді» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесер рәсімі өтеді

2019 жылғы 20 қыркүйек күні сағат 15:00-де «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Төрекелді» әніне түсірілген бейнебаянның тұсаукесер рәсімі өтеді. Ән Орта Азияда тұңғыш тәуелсіз журнал ашқан азамат, «Жібек жолы» журналының бас редакторы, әдебиет, тарих, ғылым бағытында 500-ден астам кітап шығарған белгілі баспагер, жалынды журналист Төрекелді Серікбайұлы Байтасовқа арналған. Ұлттың арда азаматына деген сағыныштан туындаған «Төрекелді» әнінің авторы ақын, сазгер Жарылқасын Дәулет. Кешіміздің қадірлі қонағы болуға баршаңызды шақырамыз!

«Қаламгер келбеті» атты әдеби кеш өтеді

ХАБАРЛАНДЫРУ! Мәртебелі оқырман! Құрметті әдебиет сүйер қауым! 2019 жылғы 15 ақпан күні сағат 15:00-де «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақжол Қалшабектің шығармашылығына арналған «Қаламгер келбеті» атты әдеби кеш өтеді. Баршаңызды кештің қадірлі қонағы болуға шақырамыз!

«Тағдыр биі» атты кітабының тұсаукесері

Хабарландыру!!! Құрметті оқырман қауым! 2019 жылы 8 ақпан күні сағат 15:00-де «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зылиха Жантасованың «Тағдыр биі» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Баршаңызды кештің қонағы болуға шақырамыз! Өтетін орны: «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы.

"Садағын сағымға ілген Сахабат" атты әдеби кеш өтеді.

2019 жылғы 7 ақпанда сағат 11:00-де "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында сыншы, ақын Сәрсен Бек Сахабаттың шығармашылығына арналған "Садағын сағымға ілген Сахабат" атты әдеби кеш өтеді. Баршаңызды кештің қадірлі қонағы болуға шақырамыз!

"Ақ сұңқарлар" кітабының тұсаукесері

Құрметті оқырман қауым! 2019 жылы 1 ақпан күні сағат 11:00-де "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейімен бірлесіп, нәубетке ұшыраған бүкіл бір әулеттің тарихы туралы, олардың ұрпағы Қ.Бураханов жазған "Ақ сұңқарлар" кітабының тұсаукесері өтеді. Баршаңызды кештің қонағы болуға шақырамыз!

«Кореяда білім алу» тақырыбында кездесу кеші өтеді.

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ, ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР!

2018 жылғы 26 қазан күні сағат 11:00-де «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Мәжіліс залында Ұлттық Халықаралық білім беру орталығының ұйымдастыруымен Корей елінің Кенбук университетінің профессоры Ан Джонгын және Білім және инновация Ұлттық палатасының ди⁠ректоры Әкім Хазіретәлиұлының қатысуымен «Кореяда білім алу» тақырыбында кездесу кеші өтеді.
Кездесу барысында профессор Ан Корей еліндегі білім беру жүйесі мен жоғары оқу орындарындағы білім алуға қатысты сауалдарға жан-жақты тоқталады. Шымкент қаласының оқушылары мен студенттеріне Кенбук университетінде білім алудың ерекшеліктері жайында ақпарат береді.
Баршаңызды кездесу кешіне келіп, қатысуға шақырамыз!

16 қаңтар күні сағат 11:00-де "Тарихтан тәбәрік" атты ғибратты танымдық кешіне шақырамыз!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті оқырман! 16 қаңтар күні сағат 11:00-де мәжіліс залында Мәдениет қызметкері, зейнеткер Жумалиева Меруерт Үсіпбайқызының "Тарихтан тәбәрік" атты ғибратты танымдық кешіне шақырамыз!

«Мен – сөйлейтін рухани махаббатпын» атты шығармашылық кеш

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
2018 жылғы мамырдың 23 күні сағат 11:00-де "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Білім беру ісінің үздігі», «ОҚО еңбек сіңіргені үшін» медальдарының, халықаралық «Лучшие люди Казахстана» орденінің иегері, ақын Баян Тіленшинаның «Мен – сөйлейтін рухани махаббатпын» атты тақырыбында шығармашылық кездесу кеші өтеді. Баршаңызды кештің куәсі болуға шақырамыз!

"15 мамыр – Халықаралық отбасы" күніне арналған 2-5 сынып оқушылары арасында "Менің әжем" тақырыбында шығарма жазу байқауы

"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының "Ақерке" балалар залының ұйымдастыруымен "15 мамыр – Халықаралық отбасы" күніне арналған 2-5 сынып оқушылары арасында "Менің әжем" тақырыбында шығарма жазу байқауы өтеді.
Шығарма жазу шарттары:
1. Дәптердің сыртының көрінісіне назар аудару;
2. Логикалық жағынан тақырыптың ашылуы;
3. Грамматикалық сауаттылық: сөйлемдердің дұрыстығы, көркемдігі;
Шығарма мамыр айының 11-не дейін қабылданады.

Нармахан Бегалыұлының 75 жылдық мерейтойына орай «Қара өлең ұясы қабағында» тақырыбында ақынмен шығармашылық кездесу кеші өтеді.

Жуырда «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, К.Симонов атындағы медальдің иегері, журналист Нармахан Бегалыұлының 75 жылдық мерейтойына орай «Қара өлең ұясы қабағында» тақырыбында ақынмен шығармашылық кездесу кеші өтеді. Кешке қаламгердің әріптестері мен шығармашылық қауымды шақырамыз.